"Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 195 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 293 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 7 қазанда № 6665-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарқаралы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Қарқаралы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану Қағидаларын бекіту туралы" Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 195 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6339 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады