Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығы негізінде, Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 2021 жылға бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра аудандық мәслихатының өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. "Нұра ауданының тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды және аудандық "Нұра" газетінде жариялануын қамтамасыз етсін.
сессия төрағасы | К. Жунусбеков |
Нұра аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Оспанов |
Нұра аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 мамырдағы № 31 шешіміне қосымша |
Нұра ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері
№ | Атауы | Шығыстардың ең төмен мөлшері (теңге) |
1 | Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері | 27,66 |