Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 05.03.2022 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-13-750 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім оның ресми жарияланғанынан кейін Нұра ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ахмет ауылының әкімі | М. Искакова |