Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 4 "Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының әкімінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 наурызда № 27123 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 02-13-84 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылы әкімінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 4 "Нұра ауданы Ахмет ауылының аумағында шектеу іс-шаралар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26438 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ахмет ауылының әкімі М. Искакова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады