ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Осакаров аудандық мәслихаты
Осакаров ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 56/01 қаулысына қосымша |
|
Осакаров ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 11/01 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы;
2) аудандық маңызы бар ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылатын үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі;
3) халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты;
4) халықты жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы;
5) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
6) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18 жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
7) бухгалтер;
8) халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы (директоры);
2) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
3) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның көркемдік жетекшісі;
4) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас бухгалтері;
5) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлімінің басшысы;
6) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бас әкімші;
7) аудандық маңызы бар мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның кітапхана меңгерушісі (басшысы);
8) әкімші (негізгі қызметтер);
9) аккомпаниатор;
10) балетмейстер;
11) библиограф;
12) кітапханашы;
13) дыбыс режиссері;
14) барлық атаудағы инженер (негізгі қызметтер);
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
16) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
17) музыкалық жетекші;
18) редактор (негізгі қызметтер);
19) режиссер;
20) қоюшы режиссер;
21) хореограф;
22) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
23) бухгалтер;
24) барлық мамандықтағы инженер;
25) инспектор;
26) аудармашы;
27) мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әкімшілік-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің жетекшісі: шаруашылық;
28) костюмер;
29) жарық аппаратурасы, бейне жазба, дыбыс жазба операторы.