Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кент тұрғындарының пікірін ескере отырып, Осакаровка кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров ауданы Осакаровка кентіндегі Подгорная көшесінің атауы-Александр Ткач көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Осакаровка кенті әкімінің орынбасары Б.О. Жетписбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаровка кентінің әкімі | С. Акижанов |