Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және 2021 жылғы 21 қаңтардағы Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысының негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қоскөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау ауданы Қоскөл ауылдық округі Қоскөл ауылының атауы жоқ көшесіне "Үңгітбай Шорағайтегі" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қоскөл ауылдық округінің әкімі | Д. Уатаев |