"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағын кеңейтудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 484 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 613 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4728 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 шілдеде және "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2014 жылғы 26 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы";
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10, 18, 43-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің аумағында жер учаскелері меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмай және жер санаты ауыстырылмай, ені екі шақырымнан кем емес, жалпы ауданы 52160,54 гектар, оның ішінде ауданы 19638,77 гектар "Барсакелмес" учаскесі, ауданы 26670,57 гектар "Қасқақұлан" учаскесі және ауданы 5851,2 гектар "Сырдария өзені Дельтасы" учаскесінің күзет аймағы;
осы қаулы қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі белгіленсін.";
көрсетілген қаулы қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі";
көрсетілген қаулы қосымшасының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Қорық) күзет аймағы аумағында табиғат пайдалану режимі мен тәртібі "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 123-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді.".
2. "Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.