"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына және "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5402 нөмерімен тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс 3-сессиясының төрағасы | І. ТІЛЕП |
Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Байкадамов |
Қызылорда облыстық мәслихатының | |
2021 жылғы 14 сәуірдегі | |
№ 26 | |
шешіміне қосымша | |
Қызылорда облыстық мәслихатының | |
2016 жылғы 10 ақпандағы № 352 | |
шешіміне қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі
№ | Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың атауы |
1 | Қаратерең ауылы-Әйтеке би кенті |
2 | Т. Көмекбаев ауылы-Қызылорда қаласы |
3 | Жалағаш кенті-Жосалы кенті |
4 | Аққыр ауылы-Қызылорда қаласы |
5 | Жаңадария ауылы-Қызылорда қаласы |
6 | Іңкәрдария ауылы-Қызылорда қаласы |
7 | Тұрсынбай датқа ауылы-Қызылорда қаласы |
8 | Ортақшыл ауылы-Қызылорда қаласы |
9 | А. Тоқмағанбетов ауылы-Қызылорда қаласы |