Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 28.08.2024 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары бекiтiлсiн.
2. "Қызылорда облысының білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.М. Шәменоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қызылорда облысының әкімі | Г. Абдыкаликова |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2021 жылғы 23 тамыздағы № 340 қаулысымен бекітілген |
Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қызылорда облысы бойынша білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 24-7) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту үшін негіз болып табылады.
2. Үлгілік қағидалар білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларын әзірлеу және бекіту кезінде бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
3. Білім беру ұйымдарының қызмет режимін ескере отырып (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәулік бойы болуы, олардың белгілі бір уақытта ғана болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы және білім беру ұйымының өзге де жұмыс ерекшелігіне қарай) білім беру ұйымының әкімшілігі педагог және өзге де қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимін белгілейді.
4. Ішкі тәртіптемені қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымының әкімшілігі білім беру ұйымының кызметкерлерінің, сонымен қатар білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен және білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесінің қағидаларымен жүктелген міндеттерді сақтауын қамтамасыз етеді.
2-тарау. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесі
5. Білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің қағидаларында:
1) білім беру ұйымдарының әкімшілігі және педагогтарының, тәрбиешілерінің, тәрбиеші көмекшілерінің, медициналық персоналдарының білім алушылармен және тәрбиеленушілермен өзара қарым-қатынасы;
2) оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тәртібі;
3) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білім алуы және өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың құқықтарын қорғау үшін жағдайлар;
4) ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
5) білім беру ұйымдарының қызмет режимі (білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәуліктік болуы, олардың белгілі уақыт ішінде болуы, оқу сабақтарының ауысымдылығы мен білім беру ұйымдарының жұмысының өзге ерекшеліктері), жұмыс уақытының және педагогикалық және басқа қызметшілердің демалыс уақытының режимі;
6) білім беру ұйымдары жұмысының басталу және аяқталу уақыты, сабақтардың арасындағы үзілістер;
7) білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу сабақтарының ұзақтығы қамтылуы тиіс.
6. Білім беру ұйымдарының әкімшіліктері қызметкерлердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, сонымен қатар олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің білім беру ұйымының ішкі тәртіптемесі қағидаларына қолжетімділігін және таныстыруды қамтамасыз етеді.