Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 17271 "Қызылорда қаласы бойынша 2021 жылға жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8138 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімдігі | Г. Казантаев |