Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арал аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 8 қарашадағы № 110 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6037 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Турахметов |