Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 110 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қарашада № 6037 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 181 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 24.12.2021 № 181 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының
кезекті он сегізінші сессиясының төрағасы
Т.Бисембаев
      Арал аудандық мәслихатыны хатшысы Д.Мадинов

  Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы "8" қарашадағы № 110 шешімімен бекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Арал ауданының әкімдігі (бұдан әрі әкімдік) жүзеге асырады.

      4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде ауданның коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаратын "Арал аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

      5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларға сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды әкімдік Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасынының талаптарына сәйкес аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады