Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қармақшы аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 205 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6482 болып тіркелген);
2) "Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 205 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 қазандағы № 266 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6949 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | Ә. Қошалақов |