"Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 205 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 қазандағы № 266 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қазанда № 6949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қарашадағы № 108 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 26.11.2021 № 108 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихатыШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 қазандағы № 205 "Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6482 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қарашада жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының
кезекті 42-сессиясының төрағасы
Т.Ералиев
      Қармақшы аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Наятұлы

  Қармақшы аудандық мәслихатының
2019 жылғы "23" қазандағы
№ 266 шешіміне қосымша
  Қармақшы аудандық мәслихатының
2018 жылғы "23" қазандағы
№ 205 1-шешіміне қосымша

Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр

1

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,589895

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,02159

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,347333

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,544241

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері,байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,564286

6

Емханалар

1 келіп кету

0,586607

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

2,314625

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,137416

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,242855

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 отыратын орын

0,042988

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,016817

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,054838

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,008701

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,173416

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 шаршы метр

0,238988

16

Базалар,сауда павильондары, дүңгіршіктер, сөрелер

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,588237

17

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,198749

18

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,016411

19

Вокзалдар, автовокзалдар

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,117321

20

Дәріханалар

сауда алаңы 1 шаршы метр

0,033567

21

Автотұрақтар, автомобиль жуу орындары, автожанармай құю станциясы, гараждар

1 машина – орын

8,261384

22

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,129851

23

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

4,432143

24

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,007466

25

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,375279

26

Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар)

1 жұмыс орны

0,740107

27

Моншалар, сауналар

жалпы алаңы 1 шаршы метр

0,104751

28

Ауданның аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар

1000 қатысушы

0,104286


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады