"Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы №47 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 111 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 15 желтоқсанда № 25795 болып тіркелді

      Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5670 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "11. "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы Ә. Қошалақов

О внесении изменения в решение Кармакшинского районного маслихата от 8 ноября 2016 года № 74 "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кармакшинского района"

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 8 декабря 2021 года № 111. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2021 года № 25795

      Кармакшинский районный маслихат Кызылординской области РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Кармакшинского районного маслихата от 8 ноября 2016 года № 74 "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кармакшинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5670) следующее изменение:

      в положении о награждении Почетной грамотой Кармакшинского района утвержденном указанным решением пункт 11 изложить в новой редакции:

      "11. Коммунальное государственное учреждение "Аппарат акима Кармакшинского района" реализует мероприятия по документационному и иному обеспечению, а также по учету лиц, награжденных Почетной грамотой.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Кармакшинского районного маслихата Ә. Қошалақов