Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5670 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"11. "Қармақшы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ Құрмет грамотасымен наградталған азаматтардың есебін жүргізеді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы аудандық мәслихатының хатшысы | Ә. Қошалақов |