“Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Жалағаш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жалағаш кентіндегі келесі атауы жоқ көшелерге:
1) “Береке” учаскесіндегі №1 көшеге “Аяған Боханов” есімі;
2) “Береке” учаскесіндегі №2 көшеге “Махметхан Әбішев” есімі берілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш кентінің әкімі | Г. Телибаев |