Атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кенті әкімінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 81 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 1 сәуірде № 8235 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 - бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес Жалағаш кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жалағаш кентіндегі келесі атауы жоқ көшелерге:

      1) “Береке” учаскесіндегі №1 көшеге “Аяған Боханов” есімі;

      2) “Береке” учаскесіндегі №2 көшеге “Махметхан Әбішев” есімі берілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш кентінің әкімі Г. Телибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады