“Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына, “Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына және “Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес “Өңір қызметі” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысуындағы мемлекеттің үлесі жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | А. Шаменов |
Жалағаш ауданы әкімдігінің | |
2021 жылғы 4 мамырдағы № 95 | |
қаулысына қосымша |
Жекешелендірілетін “Өңір қызметі” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысуындағы мемлекеттің үлесі
№ | Объектінің атауы | Жекешелендіруге берілетін қатысу үлесінің мөлшері, % |
Жекешелендірудің | Іске асырылу мерзімі, жыл |
1 | “Өңір қызметі” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 % | Тендер |
Қараша, |