"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 216 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылының С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Қарасу көшелері аумағында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 20 "Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23401 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Таң ауылдық округі әкімі | К. Сейдахметов |