Шектеу іс-шараларын тоқтату және Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі №20 "Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 32 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 14 қазанда № 24756 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2021 жылғы 4 тамыздағы № 216 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Таң ауылының С.Сейфуллин, А.Құнанбаев, Қарасу көшелері аумағында бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринарлық іс-шаралары жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 2 шілдедегі № 20 "Шектеу iс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23401 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Таң ауылдық округі әкімі К. Сейдахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады