"Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексiнің 139-бабының 9-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 464 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7517 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "білім беру" деген сөздер алынып тасталынсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті V cессиясының төрағасы |
С. Оразгелдиев |
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы |
Г. Сопбеков |