"Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы №464 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 54 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 8314 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексiнің 139-бабының 9-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгiлеу туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 маусымдағы № 464 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7517 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 17 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтағы "білім беру" деген сөздер алынып тасталынсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңақорған аудандық мәслихатының
кезекті V cессиясының төрағасы
С. Оразгелдиев
      Жаңақорған аудандық
мәслихатының хатшысы
Г. Сопбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады