"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 271 "2021 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7873 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | М. Ергешбаев |