Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 23.09.2021 № 255 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сырдария ауданының әкімі | Т. Дуйсебаев |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсаны № 271 қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны(адам) | Квотаның көлемі(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "Сырдария аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сырдария аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 49 | 2 |
2 | "УГЛЕСБЫТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 15 | 6,6 |
3 | "Омарова" жеке кәсіпкері | 10 | 10 |
4 | "Жәрдем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 20 | 5 |
5 | "МАДИ ҚАЖЫ атындағы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 240 | 0,4 |
6 | "Би Ана" жеке кәсіпкері | 10 | 10 |
7 | "Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 21 | 4,7 |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсаны № 271 қаулысына 2-қосымша |
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны(адам) | Квотаның көлемі(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті "Нұра топтық су құбыры" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Арал" салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы" филиалының Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі | 50 | 2 |
Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсаны № 271 қаулысына 3-қосымша |
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы |
Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның көлемі(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан |
1 | "Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 40 | 2,5 |