Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 14.11.2023 № 7/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларын бекiту туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7580 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 20 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Шиелі ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 2/3 шешіміне қосымша |
|
Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 57/10 шешімімен бекітілген |
Шиелі ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары
1. Осы Шиелі ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы;
2) арнайы комиссия - өмiрде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Шиелі ауданы әкімінің шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетi Қызылорда облысының Статистика департаментi" республикалық мемлекеттiк мекемесi есептейтiн, мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4) жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрi - ЖАО) - Шиелі ауданының әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде Шиелі ауданының аумағында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
6) облыстық ЖИТС орталығы – "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-ың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
7) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
8) өмірдегі қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
9) уәкiлеттi орган - "Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтiк бағдарламалар және азаматтық хал актiлерiн тiркеу бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
10) уәкiлеттi ұйым - "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының "Халыққа қызмет көрсету бойынша Шиелі аудандық бөлімі";
11) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн кент, ауылдық округ әкiмiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссия;
12) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
5. Әлеуметтік көмек өтінішті беру сәтінде өткен тоқсан үшін ұсынылған табыстар туралы мәліметтер негізінде өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
Жиынтық табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 5757 болып тіркелген) бекітілген, Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесіне сәйкес есептелінеді.
6. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
7. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:
1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезеңiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттардағы жұмысшылар мен қызметшiлер - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекеттік қауiпсiздiк комитетiнiң Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерiнiң шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш.
2) 26 сәуір - Халықаралық радиациялық апаттар мен аварияларда қаза болғандарды еске алу күні:
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқан адамдар - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдар – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарына байланысты болған азаматтардың отбасылары – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
3) 9 мамыр - Жеңіс Күні:
Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне - 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары аудандарында, майдан маңындағы теміржол учаскелеріндегі, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілері, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілері, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілеріне – 1 000 000,0 теңге (бір миллион теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 40 (қырық) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде және жергілікті бюджеттен – 30 (отыз) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бір жолғы төлем, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде бір жолғы төлем;
Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбы) - 100 000,0 теңге (жүз мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем.
4) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:
саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңында белгіленген тәртіппен ақталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдар - 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш.
5) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні:
ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар - 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі ядролық сынақтарға байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасылары - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
8. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтар (отбасылар);
2) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Шиелі аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын отбасылар (азаматтар);
3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған және туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы адамдар;
4) гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалар;
5) облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалар;
6) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан және өңірге қажетті мамандықтар бойынша күндiзгi оқу нысанында жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттер, медициналық резидентураның тыңдаушылары жатады.
9. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматтарға (отбасыларға, өрт оқиғасы орын алған мекен-жайда тұрақты тіркеуде тұратын) біржолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай:
отбасының қайтыс болған әр мүшесіне - 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
оның мүлкіне зиян келген жағдайда 150 (бір жүз елу) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде төленеді.
10. Әлеуметтік көмек, өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Шиелі аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
11. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған және туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы адамдарға төленеді.
12. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын 7,6 (жеті бүтін оннан алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гемотологиялық аурулармен диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді.
13. Әлеуметтік көмек, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалады, ай сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 (екі) еселенген мөлшерінде, облыстық ЖИТС орталығында диспансерлік есепте тұрған АИТВ жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне төленеді.
14. Әлеуметтік көмек өңірге қажетті мамандықтар бойынша жоғарғы оқу орындарында және медициналық резидентурада күндiзгi оқу нысанында оқитын халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарынан шыққан:
1) "Қызылорда облысының білім басқармасының "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлектеріне;
2) мүгедек балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын балаларға, ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын балаларға, асыраушысынан айрылған балаларға, көп балалы отбасылардың балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, егер отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген мөлшерінен аспаған жайдайда;
3) аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда жыл сайын тағайындалады және жылына бір рет төленеді.
Әлеуметтік көмектің мөлшері:
орта білім беру ұйымдарынан және колледжден кейін жоғары оқу орындарында "Бакалавр" академиялық дәрежесінде оқитын студенттерге - 392 (үш жүз тоқсан екі) айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
медициналық резидентураның тыңдаушыларына - 530 (бес жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес.
Әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органға жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарына студенттер қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін уәкілетті орган әлеуметтік көмек алушымен білім беру қызметтерін көрсетуге екі жақты шарт жасасады.
Ақшалай төлем түскеннен кейін әлеуметтік көмек алушы бес жұмыс күні ішінде оқу ақысын төлейді және уәкілетті органға төлем туралы түбіртекті ұсынады.
Келесi оқу жылдары үшін әлеуметтiк көмек тиiстi оқу жылының басында төленедi.
Әлеуметтік көмек алушы оқуға жүйелі түрде қатыспағаны немесе үлгерімі нашар болғаны үшін жоғары оқу орнынан шығарылған жағдайда, оқуға төленген соманы өндіріп алу жергілікті бюджетке ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де тәртіппен жүргізіледі.
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
15. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
16. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе уәкілетті органға, кент, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттармен:
1) жеке басын куәландыратын құжатпен;
2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;
3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды.
17. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе кент, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 1, 2 – қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Кент, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе кент, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21 - тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
25. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
26. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеружүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiккөмек көрсету үшiн Шиелі аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайда жүзеге асырылады.
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшіннегіздер
27. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруғакеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5-тарау. Әлеуметтiк көмектi төлеу және қаржыландыру
29. Әлеуметтiк көмек екiншi деңгейдегi банктердегi және банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы алушылардың жеке шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргiзiледi.
30. Әлеуметтiк көмек тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң өзгерiсiн ескере отырып төленедi.
31. Әлеуметтiк көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
6-тарау. Қорытынды ереже
32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.
Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ
20 жылғы " "
_________________________________________________________________(елді мекен)
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________________
2. Тұратын мекен жайы
__________________________________________________________________________
3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай
__________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:
Р/с№ | Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер | Өмірдегі қиын жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.
Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.
5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):
______________________________________________________________________.
Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
Отбасының табысы:
Р/с № | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
6. Мыналардың:
автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________.
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _____________________
______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________.
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:
______________________________________________________________________
10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
______________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: ____________________________________________________
Комиссия мүшелері: ___________________________________________________
___________________________ __________________________________________
___________________________ __________________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)
Жасалған актімен таныстым: ____________________________________________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________________________________________________
Тексеру жүргізілуден бас тартқан __________________________________________
Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
________________________________________________________________________
(өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Күні _______
Шиелі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______
Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)
_____________________________________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде
_____________________________________________________________________
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берілген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауылдық округ әкімінің немесе уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________