Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шиелі аудандық мәслихаттың "Шиелі ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 5/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8305 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шиелі аудандық мәслихат хатшысы | Т. Жағыпбаров |