Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 4511 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Төсбелгімен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталушыларды анықтау шарттары осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      3. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Д. Төлебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2021 жылғы 30 сәуірдегі
  № 95 қаулысына 1 қосымша

Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 2 тармағының 25 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9 бабы 4 тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Маңғыстау облысының меншік түріне қарамастан білім беру ұйымдарының педагогтарын білім және ғылым саласындағы еңбектері мен жетістіктері, Маңғыстау облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін көтермелеу мақсатында "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (бұдан әрі – Төсбелгі) беріледі.

      3. Төсбелгі бір рет беріледі.

      Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеу туралы құжаттар "Мұғалімдер күні" кәсіби мерекесін мерекелеуге байланысты қарастырылады.

      Төлем жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      4. Төсбелгіні беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына материалдар мен құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыс органы "Маңғыстау облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) болып табылады.

2-тарау. Төсбелгінің сипаттамасы

      5. Төсбелгі осы Тәртіптің 1 қосымшасында көзделген үлгі бойынша өзара сары түсті шығыршықпен қосылған салпыншақ пен қалып түрінде жасалады.

      Планка тік бұрышты нысанда көгілдір түсті лентасы бар сары түсті металдан жасалады.

      Салпыншақтың үш түрлі фигурадан тұратын пішіні бар және сары түсті металдан жасалады.

      Салпыншақтың (аверс) бет жағының ортасында – "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" деген жазу, жазудың үстіңгі жағында Маңғыстау облысының эмблемасы орналастырылады, жазудың оң жағында қаламның бейнесі, жазудың астыңғы жағында ашылған кітаптың бейнесі, орналастырылады.

      Салпыншақтың (реверс) қарама-қарсы бетінде қалам мен ашық кітаптың бейнесі орналастырылады.

      Ескерту. 5-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Төсбелгіні беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті бюджет есебінен берілетін біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері

      6. Төсбелгімен меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтары, жалпы білім беру ұйымдарындағы үздік әдістемені ұсынушы педагогтар, ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы педагогтар, үздік цифрлық технологияларды қолданушы педагогтар, үздік дарынды балалар жетекшілері, үздік жетістіктер шеберлері, жаратылыстану пәндері бойынша үздік полиглот педагогтар, арнайы білім беру ұйымдарының үздік педагогтары, қосымша білім беру ұйымдарының үздік сынып жетекшілері, оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік қосымша білім беру мұғалімдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік арнайы пән оқытушылары, үздік өндірістік оқыту шеберлері және білім және ғылым саласында ерекше жетістіктерге жеткен жас педагогтар осы Қаулының 2 қосымшасында белгіленген шарттардың бірі болған жағдайда марапатталады.

      7. Қосымша көтермелеу шаралары бойынша құжаттарды қабылдау уақыты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің және Басқарманың ресми сайттарында құжат қабылдау басталатын уақыттан 30 (отыз) күн бұрын жарияланады.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қосымша көтермелеу шараларына үміткер педагогтар тиістіқұжаттарды (өтінім, портфолио) mektep.edu.kz электрондық ақпараттық жүйесінің виртуалды қабылдауына немесе Басқарманың bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz электронды мекен-жайына жібереді.

      9. Педагог портфолиосы оның жеке кәсіби жетістіктерін немесе білім алушылардың жетістіктерін растайтын соңғы 5 (бес) жылдағы материалдарды қамтиды.

      10. Осы Тәртіптің 8 тармағында көзделген құжаттарды педагогтар осы Тәртіптің 3 тармағында белгіленген жағдайға кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жібереді.

      11. Марапатталуға үміткерлердің құжаттары мен материалдары Комиссия отырысында қаралады.

      12. Комиссияның құрамы облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы тиіс.

      Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардың, Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшылары, Маңғыстау облысының білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері енгізіледі. Бақылаушылар ретінде "Маңғыстау – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері қатысады.  

      Комиссия отырыстары оның мүшелерінің үштен екісінен астамы болған жағдайда заңды деп есептеледі.

      13. Комиссия осы Тәртіптің 3 тармағында белгіленген жағдайларға 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде шешім қабылдайды.

      14. Шешім, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.

      15. Педагогтарды көтермелеу үшін Комиссия қабылдаған шешім негіз болып табылады.

      16. Комиссия шешімі Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында ол қабылданған күні орналастырылады.

      17. Төсбелгіні табыстау салтанатты түрде жүргізіледі.

      18. Әрбір марапатталушыға Төсбелгіні табыстаумен бір мезгілде осы Тәртіптің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Төсбелгімен марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.

      19. Төсбелгімен марапаттау туралы куәлікке облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.

      20. Төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

      21. Төсбелгінің телнұсқалары, сондай-ақ, оларға құжаттардың телнұсқалары марапатталғандардың өтініштері бойынша олар жоғалған (жоғалған, ұрланған, бүлінген) жағдайда берілуі мүмкін.

      22. Әрбір төсбелгі иесіне 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақы төленеді.

  Маңғыстау облысының
  педагогтарын көтермелеудің
  қосымшашараларының
  сипаттамасы, оларды беру
  тәртібі, оның ішінде, жергілікті
  бюджет есебінен берілетін
  біржолғы сыйақы төлемінің
  мөлшеріне 1 қосымша

"Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі




  Маңғыстау облысының педагогтарын
  көтермелеудің қосымша
  шараларының сипаттамасы, оларды
  беру тәртібі, оның ішінде, жергілікті
  бюджет есебінен берілетін біржолғы
  сыйақы төлемінің мөлшеріне 2 қосымша

"Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісіне берілетін куәлік

      МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

      АКИМАТ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ


КУӘЛІКУДОСТОВЕРЕНИЕ№ ________

______________________________ (аты тегі - фамилия)______________________________(аты - имя)______________________________(әкесінің аты - отчество)

Осы куәлік "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталғандығы туралы берілді
Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а) награжден(а) нагрудным знаком "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"
Маңғыстау облысының әкіміАким Мангистауской области_____________(қолы-подпись) Мөрдің орны Место печати 20__ жылғы "___" ___________ "__" ____________ 20__ года

  Маңғыстау облысының әкімдігінің
  2021 жылғы 30 сәуірдегі
  № 95 қаулысына 2 қосымша

Төсбелгімен және жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен марапатталушыларды анықтау шарттары

      Төсбелгі және жергілікті бюджет есебінен берілетін бір жолғы сыйақы 12 бағыт бойынша беріледі.

      1. Үздік әдістемені ұсынушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру;

      2) республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және іске асыру;

      3) облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлердегі тәлімгерлік және педагогтарды оқыту бойынша өткізілген семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары (соңғы 5 жылда);

      4) ұсынған әдістеме бойынша баспаға шыққан 5-10 мақаласы, әдістемені тарату бойынша атқарылған жұмыстары және нәтижелері жөнінде мониторнигтердің, фотосуреттердің болуы.

      2. Ұлттық дәстүрді үздік насихаттаушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшем шарттары:

      1) ұлттық дәстүр туралы өзіндік қалыптасқан көзқарасын анықтайтын авторлық жұмыстарының болуы (оқулық, кітап, бағдарлама) және ұлттық менталитет, адамның рухани және материалдық құндылықтары туралы көпшілік алдындағы дәріс, баяндамалары (соңғы 5 жылда);

      2) ұлттық дәстүрді насихаттау барысындағы мақалаларын облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы (соңғы 5 жылда);

      3) ұлттық құндылықтар туралы өткізілетін байқау, конкурстар, жарыстар, көрмелер, ғылыми-практикалық конференцияларға оқушылар мен тәрбиеленушілерді қатыстыру бойынша атқарылған жұмыстар мен нәтижелерінің мониторингтері, фотолары, марапаттары (соңғы 5 жылда).

      4) мұражайларға саяхат, археологиялық ескерткіштермен таныстыруды ұйымдастыру, өлкеге белгілі тұлғаларды өлкетану бағытында насихаттау.

      Ескерту. 2-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Үздік цифрлық технологияларды қолданушы барлық педагогтар осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) республикалық оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейдегі цифрландыру саласындағы авторлық бағдарламаларды, электронды оқулықтарды, дамыту немесе танымдық ойындарды, оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік материалдарды әзірлеу және енгізу, белсенді YouTube каналдарын ашу;

      2) облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлерде озық тәжірибелерін тарату және республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (соңғы 5 жылда өткізілген семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары);

      3) зерттелген шығармашылық тақырыбының тиімділігі, әдістеменің таратылуы және оның нәтижелері бойынша мониторнигтері, фотолары (соңғы 5 жылда).

      4. Орта білім беру ұйымдарының үздік дарынды балалар жетекшілері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім сапасының, облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалардағы, ғылыми жобалар конкурстарындағы жетістіктерінің мониторингі (соңғы 5 жылда);

      2) педагогтардың облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйлеу, республикалық, халықаралық деңгейлердегі кәсіби конкурстар мен жобаларға қатысуы (соңғы 5 жылда);

      3) ғылыми жобалар, пәндік олимпиадалар бойынша облыстық, республикалық немесе халықаралық деңгейлерде тәлімгерлік және педагогтарды, оқушыларды оқыту (соңғы 5 жылдағы семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары);

      4) жасалған жұмыстары және нәтижелері бойынша мониторнигтері, фотосуреттері, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (соңғы 5 жылда).

      5. Педагогтар арасындағы үздік жетістіктер шеберлері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) педагогтардың кәсіби республикалық, халықаралық өнер, туризм, спорт салаларындағы жарыстар мен конкурстардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

      2) педагогтардың біліктіліктерін арттыру, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану, кәсіби конкурстарға қатысу, зерттеу жұмыстарының нәтижелері (соңғы 5 жылдағы телеарналарда насихатталуы, әдістемелік құралдар);

      3) педагогтардың өнер, туризм, спорт салаларын насихаттау барысындағы мақалаларын педагогикалық басылымдарда, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (соңғы 5 жылда);

      4) оқушылар мен тәрбиеленушілердің республикалық, халықаралық өнер, туризм, спорт жарыстары мен конкурстардағы жетістіктерінің мониторингі (соңғы 5 жылда).

      Ескерту. 5-тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Орта білім беру ұйымдарының жаратылыстану пәндері бойынша үздік полиглот педагогтары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) оқушылар мен тәрбиеленушілер жетістіктерінің оң динамикасымен көрсетілген педагогикалық қызметтің нәтижелілігі (соңғы 5 жылдағы пәндік олимпиадалардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы, тілдік конкурстардағы жетістіктері);

      2) тілдік курстардан, ағылшын тілі бойынша Content and Language Integrated Learning (TKT CLIL) халықаралық емтиханынан, облыстық деңгейдегі "English for success" British Council жобаларынан өткендігі туралы сертификаттардың, Common European Framework of Reference (CEFR) шәкіліне сәйкес, кем дегенде B1-Intermediate деңгейінің болуы, ғылыми-практикалық конференцияларда, курстарда сөйлеген сөздері, өткізген сабақтарының бейнематериалдары (соңғы 5 жылда);

      3) оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдануы, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесіне зерттеулер жүргізуі, білім сапасын айқындау бойынша диагностикалық құралдардың болуы (соңғы 5 жылда);

      4) педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, оқушылардың, ата-аналардың, қоғам өкілдерінің пікірлері, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі алғыстар, марапаттаулардың болуы, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (соңғы 5 жылда).

      7. Үздік сынып жетекшілері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) тәрбие ісі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттарының болуы (соңғы 5 жылда);

      2) облыстық, республикалық деңгейлердегі марапаттарының болуы (соңғы 5 жылдағы құрмет грамоталары, алғыс хаттар, пікірлер мен ұсынымдар);

      3) ұлттық құндылықтар бойынша іс-шаралардың, волонтерлік жұмыстардың жүргізілуі, сынып оқушыларының құқық бұзушылықтарының мониторингі (соңғы 5 жылда);

      4) сынып жетекшілігі бойынша олимпиадаларға, сайыстар мен конкурстарға қатысуы, тәрбие негізіне сүйенген авторлық бағдарлама, әдістемелік материалдарының болуы, сынып сағаттарын жаңаша форматта ұйымдастыра білуі, семинарларға, конференцияларға, қайырымдылық іс-шараларға қатысуы, сыныптағы жұмыстары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, әлеуметтік жобаларды іске асыруы, аудандық немесе облыстық деңгейде әріптестері арасында оқыту жұмыстарын жүргізуі (соңғы 5 жылда).

      8. Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтары Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері (соңғы 5 жылда);

      2) педагогтардың біліктілікті арттыру сертификаттарының, инновациялық білім беру технологияларын пайдалану және зерттеулерінің нәтижелерінің, жарияланған әдістемелік әдебиеттерінің болуы (соңғы 5 жылда);

      3) мемлекеттік білім беру жобаларын педагогикалық тәжірибеге енгізу бойынша жұмыстары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағыты бойынша оқу-әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар әзірлеу, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау (соңғы 5 жылда);

      4) педагог туралы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, қоғамдастықтар өкілдерінің пікірлері, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі құрмет грамоталары, алғыс хаттар, дипломдарының болуы (соңғы 5 жылда).

      9. Оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік педагогтар осы Тәртіптің 1-қосымшасының 3-тарауы, 6-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) педагогтың кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыру курстарының сертификаттарының болуы, инновациялық білім беру технологияларын пайдалануы, байқауларға қатысуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелері, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялауы, телеарналарға сюжеттер шығаруы, қызметінің бағыты бойынша әдістемелік құралдар дайындауы (соңғы 5 жылда);

      2) оқушылар мен тәрбиеленушілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

      3) білім беру немесе әлеуметтік жобаларды іске асыру,авторлық бағдарламаларды, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және жүзеге асыру (соңғы 5 жылда);

      4) облыстық, республикалық деңгейлердегі тәлімгерлік және педагогтарды оқыту (соңғы 5 жылдағы семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары).

      Ескерту. 9-тармаққа қазақ тілінде өзгеріс енгізілді, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Үздік арнайы білім беру ұйымдарының барлық педагогтары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) маманның кәсіби құзыреттілігін, біліктілігін арттыру курстарының сертификаттарының болуы, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы, конкурстарға қатысуы, жетістіктері (соңғы 5 жылда);

      2) инновациялық педагогикалық идеяларды насихатталу, іс-тәжірибе алмасу жұмыстары, авторлық бағдарламалар, педагогтардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары (соңғы 5 жылда);

      3) нәтижеге жету үшін мамандар мен ата-аналардың балалармен бірлескен жұмыстары, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Монтессори педагогикасы бойынша жұмыстары, облыстық, республикалық спорт жарыстарындағы, шығармашылық фестивальдардағы оқушылардың жетістіктері (соңғы 5 жылда);

      4) оқытудың тиімді және инновациялық әдістерін қолдану, облыстық денгейде оқыту және тәрбиелеу іс-тәжірибесін тарату (соңғы 5 жылда).

      11. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік арнайы пән оқытушылары осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) авторлық бағдарламаларының болуы, инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау жобалары, ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары (соңғы 5 жылда);

      2) әдістемелік көмекші құралдар (соңғы 5 жылда);

      3) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы (соңғы 5 жылда);

      4) педагогтың кәсіби жетістіктері (соңғы 5 жылда).

      12. Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың үздік өндірістік оқыту шеберлері осы Тәртіптің 1 қосымшасының 3 тарауы, 6 тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.

      Қатысушылардың кәсіби қызметін бағалау өлшемшарттары:

      1) өндіріс орындарынан тағылымдамадан өтуі;

      2) студенттердің чемпионаттардағы, конкурстардағы, ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері (соңғы 5 жылда);

      3) облыстық және республикалық деңгейлерде таратылған жұмыстар тәжірибелерінің материалдары (соңғы 5 жылдағы әдістемелік нұсқаулықтар, бейнероликтер);

      4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы (соңғы 5 жылда).

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді- Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді-Маңғыстау облысы әкімдігінің 10.03.2022 № 35 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об установлении дополнительных мер поощрения педагогов Мангистауской области

Постановление акимата Мангистауской области от 30 апреля 2021 года № 95. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 5 мая 2021 года № 4511.

      В соответствии законом Республики Казахстан "О статусе педагога" акимат Мангистауской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить описание, порядок присвоения дополнительных мер поощрения педагогов Мангистауской области, в том числе размер выплаты единовременного вознаграждения за счет местного бюджета согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Определить условия определения награждаемых нагрудным знаком и единовременным вознаграждением за счет местного бюджета согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление образования Мангистауской области" (Тулебаева С.Д.) обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Мангистауской области Калмуратову Г.М.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Мангистауской области С. Трумов

  Приложение 1
  к постановлению акимата
  Мангистауской области
  от 30 апреля 2021 года № 95

Описание, порядок присвоения дополнительных мер поощрения педагоговМангистауской области, в том числе размер выплаты единовременного вознаграждения за счет местного бюджета

Глава 1. Общие положения

      1. Описание, порядок присвоения дополнительных мер поощрения педагогов Мангистауской области, в том числе размер выплаты единовременного вознаграждения за счет местного бюджета (далее – Порядок) разработаны в соответствии с подпунктом 25) пункта 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании", пунктом 4 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О статусе педагога".

      2. В целях поощрения педагогов организаций образования Мангистауской области независимо от форм собственности за успехи в труде и достижения в области образования и науки, особый вклад в развитие системы образования Мангистауской области, выдается нагрудный знак "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" (далее – Нагрудный знак).

      3. Нагрудный знак присуждается один раз.

      Документы о поощрении педагогов Мангистауской области рассматриваются по случаю празднования "Дня учителя".

      Оплата производится за счет средств, предусмотренных в местном бюджете.

      4. Рабочим органом по приему материалов и документов на рассмотрение комиссии по присуждению Нагрудного знака (далее – Комиссия) является государственное учреждение "Управление образования Мангистауской области" (далее – Управление).

Глава 2. Описание Нагрудного знака

      5. Нагрудный знак изготавливается в виде подвески и колодки, соединенные между собой кольцом желтого цвета, по образцу, предусмотренному приложением 1 к настоящему Порядку.

      Планка изготавливается в прямоугольной форме из металла желтого цвета с лентой голубого цвета.

      Подвеска имеет форму, состоящую из трех различных фигур, и изготавливается из металла желтого цвета.

      На лицевой стороне подвески (аверс) по центру размещается надпись "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін", сверху надписи размещается эмблема Мангистауской области, справа надписи размещается изображение пера, снизу надписи размещается открытая книга.

      На обратной стороне подвески (реверс) размещается изображение открытой книги с пером.

      Сноска. В пункт 5 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется, постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Порядок присвоения Нагрудного знака, в том числе размер выплаты единовременного вознаграждения за счет местного бюджета

      6. Нагрудным знаком награждаются лучшие педагоги организаций дошкольного образования, лучшие педагоги общеобразовательных организаций, предоставившие лучшие методики по разработкам, лучшие пропагандисты национальных традиций, лучшие пользователи цифровых технологий, лучшие руководители одаренных детей, мастера лучших достижений среди педагогов, лучшие педагоги полиглоты предметов естествознания, лучшие педагоги специальных организаций образования, лучшие классные руководители, лучшие педагоги центра школьников, творческих домов, дворовых клубов, школ искусств организаций дополнительного образования, лучшие преподаватели специальных дисциплин, лучшие мастера производственного обучения организаций технического и профессионального образования, вне зависимости форм собственности, имеющие стаж работы в организациях образования 10 (десять) и более лет при наличии условий, указанных в приложении 2 настоящего Постановления и молодые педагоги, достигшие особенных успехов в сфере образования и науки.

      7. Срок подачи документов на дополнительное поощрение публикуется в местных средствах массовой информации, на официальных сайтах акимата Мангистауской области и Управления за 30 (тридцать) дней до начала приема документов.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции постановления акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Педагоги, претендующие на дополнительные меры поощрения, направляют документы (заявка, портфолио) на электронную почту bilim.baskarmasy@mangystau.gov.kz или в виртуальную приемную электронно-информационной системы mektep.edu.kz Управления.

      9. Портфолио педагога включает материалы за последние 5 (пять) лет, подтверждающие его личные профессиональные достижения или достижения обучающихся.

      10. Документы, предусмотренные пунктом 8 настоящего Порядка, направляются педагогами не менее чем за 30 (тридцать) календарных дней к случаю, установленного в пункте 3 настоящего Порядка.

      11. Документы и материалы претендентов на награждение рассматриваются на заседании Комиссии.

      12. Состав Комиссии утверждается постановлением акимата области. Количество членов комиссии должно быть нечетным.

      В состав Комиссии включаются руководители местных исполнительных органов, департамента по обеспечению качества в сфере образования Мангистауской области, председатель Мангистауской областной организации Казахстанского отраслевого профессионального союза работников образовани и науки, представители неправительственных организаций.

      В качестве наблюдателей принимают участие представители офисного проекта "Маңғыстау – адалдық алаңы".

      Заседания Комиссии считаются правомочными при наличии более двух третей ее членов.

      13. Комиссия принимает решение коллегиально открытым голосованием за 10 (десять) календарных дней к случаям, установленным в пункте 3 настоящего Порядка.

      14. Решение считается принятым, если за него проголосовало большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Решение Комиссии оформляется протоколом. При равенстве голосов членов Комиссии голос председателя Комиссии считается решающим.

      15. Основанием для поощрения педагогов является решение, принятое Комиссией.

      16. Решение Комиссии размещается на официальном интернет-ресурсе акимата Мангистауской области в день ее принятия.

      17. Вручение Нагрудного знака производится в торжественной обстановке.

      18. Каждому награждаемому одновременно с вручением Нагрудного знака выдается соответствующее удостоверение о награждении Нагрудным знаком по форме согласно приложению 2 к настоящему Порядку.

      19. Удостоверение о награждении Нагрудным знаком подписывает аким области или лицо, исполняющий его обязанности.

      20. Повторное награждение Нагрудным знаком не допускается. 

      21. Дубликаты Нагрудных знаков, а также дубликаты документов к ним могут быть выданы по заявлениям награжденных в случае их утраты (утери, кражи, порчи).

      22. Каждому обладателю Нагрудного знака выплачивается единовременное вознаграждение в размере 500 000 (пятьсот тысяч) тенге за счет средств местного бюджета.

  Приложение 1
  к Условиям определения
  награждаемых нагрудным
  знаком и единовременным
  вознаграждением за счет
  местного бюджета

Нагрудный знак"Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"




  Приложение 2
  к Условиям определения
  награждаемых нагрудным
  знаком и единовременным
  вознаграждением за счет
  местного бюджета

Удостоверение о награждении Нагрудным знаком "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"

      МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

      АКИМАТ МАНГИСТАУСКОЙ ОБЛАСТИ


КУӘЛІКУДОСТОВЕРЕНИЕ№ ________

______________________________(аты тегі - фамилия)______________________________(аты - имя)______________________________(әкесінің аты - отчество)

Осы куәлік "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталғандығы туралы берілді
Настоящее удостоверение выдано в том, что он(а) награжден(а) нагрудным знаком "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"
Маңғыстау облысының әкіміАким Мангистауской области_____________(қолы-подпись) Мөрдің орны Место печати 20__ жылғы "___" ___________ "__" ____________ 20__ года

  Приложение 2
  к постановлению акимата
  Мангистауской области
  от 30 апреля 2021 года № 95

Условия определения награждаемых нагрудным знаком и единовременным вознаграждением за счет местного бюджета

      Нагрудный знак и единовременное вознаграждение за счет местного бюджета выдается по 12 направлениям.

      1. Принимают участие все педагоги, предоставившие лучшие методики по разработкам при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка,.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) реализация образовательных или социальных проектов;

      2) разработка и реализация авторских программ, учебно-методических комплексов, методических материалов областного, республиканского или международного уровня, утвержденных республиканским учебно-методическим советом;

      3) наставничество и проведенные семинары, тренинги, мастер-классы в целях обучения педагогов на областном, республиканском или международном уровнях (за последние 5 лет);

      4) наличие 5-10 опубликованных статей по предложенной методике, мониторинги, фотографии о проделанных работах и результатах по распространению методики.

      2. Принимают участие все педагоги, лучшие пропагандисты национальных традиций при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка,.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) наличие авторских работ, определяющих собственные взгляды на национальные традиции (учебник, книга, программа) и публичных лекций, докладов о национальном менталитете, духовных и материальных ценностях человека (за последние 5 лет);

      2) публикация статей в средствах массовой информации областного, республиканского, международного уровней по пропаганде национальных традиций (за последние 5 лет);

      3) мониторинги о проделанных работах и результатам, фотографии, награды обучащихся и воспитанников, при участии в проводимых смотрах, конкурсах, соревнованиях, выставках, научно-практических конференциях о национальных ценностях (за последние 5 лет);

      4) организация экскурсий по музеям, знакомств с археологическими памятниками, пропаганда известных людей края по направлению краеведения.

      Сноска. В пункт 2 внесены изменения на русском языке, текст на казахском языке не меняется, постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Принимают участие все педагоги, лучшие пользователи цифровых технологий при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) разработка и внедрение авторских программ в области цифровизации, электронных учебников, развивающих или познавательных игр, учебно-методических комплексов, методических материалов на областном, республиканском или международном уровнях, утвержденных республиканским учебно-методическим советом, открытие активных YouTube каналов;

      2) распространение передового опыта на областном, республиканском или международном уровнях и публикации в средствах массовой информации республиканского значения (семинары, тренинги, мастер-классы, проведенные за последние 5 лет);

      3) мониторинги, фотографии про эффективность исследованной творческой темы, по распросстранению методики и ее результатов (за последние 5 лет).

      4. Принимают участие все лучшие руководители одаренных детей организаций среднего образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) мониторинг качества знаний, достижений на областных, республиканских, международных предметных олимпиадах, конкурсах научных проектов обучающихся и воспитанников (за последние 5 лет).

      2) выступление педагогов на научно-практических конференциях областного, республиканского и международного уровней, участие в профессиональных конкурсах и проектах республиканского, международного уровней (последние 5 лет);

      3) наставничество и обучение педагогов и школьников на областном, республиканском или международном уровнях по научным проектам, предметным олимпиадам (семинары, тренинги, мастер-классы, за последние 5 лет);

      4) мониторинги, фотографии по проделанным работам и результатам, публикации в средствах массовой информации (за последние 5 лет).

      5. Принимают участие мастера лучших достижений среди педагогов при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) достижения педагогов в профессиональных республиканских, международных соревнованиях и конкурсах в области искусства, туризма, спорта (за последние 5 лет);

      2) результаты по повышению квалификации, использованию инновационных образовательных технологий, участия в профессиональных конкурсах, исследовательских работ (пропаганда на телеканалах, методические пособия за последние 5 лет);

      3) публикация статей педагогов по пропаганде в области искусства, туризма, спорта в педагогических изданиях, в средствах массовой информации областного, республиканского, международного уровней (за последние пять лет);

      4) мониторинг достижений учащихся и воспитанников в республиканских, международных соревнованиях и конкурсах по искусству, туризму, спорту.

      Сноска. В пункт 5 внесено изменение на русском языке, текст на казахском языке не меняется, постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Принимают участие лучшие педагоги полиглоты предметов естествознания организаций среднего образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) результативность педагогической деятельности, выраженной в положительной динамике достижений учащихся и воспитанников (достижения учащихся и воспитанников в предметных олимпиадах, конкурсах, научно-практических конференциях, языковых конкурсах за последние 5 лет);

      2) наличие сертификатов по прохождению языковых курсов, международного экзамена Content and Language Integrated Learning (TKT CLIL) по английскому языку, проектов "English for success" British Council областного уровня, уровня не менее B1-intermediate в соответствии со шкалой Сommon European Framework of Reference (CEFR), выступления на научно-практических конференциях, курсах, видеоматериалы проведенных уроков (за последние 5 лет);

      3) применение эффективных и инновационных методов обучения, проведение исследований по практике обучения и воспитания, наличие диагностических средств по определению качества образования (за последние 5 лет);

      4) отзывы педагогических организаций, директоров организаций образования, коллег, обучащихся, родителей, представителей общественности, наличие благодарностей, награждений на областных, республиканских уровнях, публикации в средствах массовой информации (за последние 5 лет).

      7. Принимают участие лучшие классные руководители, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) наличие сертификатов о прохождении курсов повышения квалификации по воспитательной работе (за последние 5 лет);

      2) наличие награждений на областном, республиканском уровнях (почетные грамоты, благодарственные письма, отзывы и рекомендации за последние 5 лет);

      3) реализация мероприятий по национальным ценностям, волонтерским работам, мониторинг правонарушений среди учащихся класса (за последние 5 лет);

      4) участие в олимпиадах, соревнованиях и конкурсах по классному руководству, наличие авторских программ, методических материалов, на основе воспитания, умение организовывать классные часы в новом формате, участие в семинарах, в конференциях, благотворительных мероприятиях, публикации в средствах массовой информации о работе в классе; реализация социальных проектов, проведение обучающей работы среди коллег на районном или областном уровнях (за последние 5 лет).

      8. Принимают участие лучшие педагоги организаций дошкольного образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) победители, призеры областных, республиканских конкурсов в сфере дошкольного воспитанния и обучения (за последние 5 лет);

      2) наличие сертификатов повышения квалификации педагогов, материалов результатов по пользованию инновационых образовательных технологий и исследований, опубликованной методической литературы (за последние 5 лет);

      3) работа по внедрению государственных образовательных проектов в педагогическую практику, разработка учебно-методических комплексов, авторских программ по направлению дошкольного воспитания и обучения, пропаганда инновационных педагогических идей (за последние 5 лет);

      4) отзывы о педагоге организаций образования, директоров организаций образования, коллег, представителей общественности, наличие почетных грамот, благодарственных писем, дипломов областного, республиканского, международного уровней (за последние 5 лет);

      9. Участвуют лучшие педагоги центра школьников, творческих домов, дворовых клубов, школ искусств, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) наличие у педагога сертификатов курсов по повышению профессиональной компетентности, квалификации, использование инновационных образовательных технологий, участие в конкурсах, результаты исследовательских работ, публикации в средствах массовой информации, выпуск сюжетов в телеканалах, разработка методических пособий по направлению деятельности (за последние 5 лет);

      2) достижения учащихся и воспитанников в областных, республиканских, международных конкурсах (за последние 5 лет);

      3) реализация образовательных или социальных проектов, разработка и реализация авторских программ, учебно-методических пособий, методических материалов (за последние 5 лет);

      4) наставничество на областном, республиканском уровнях и обучение педагогов (семинары, тренинги, мастер-классы за последние 5 лет).

      Сноска. В пункт 9 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется, постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Участвуют лучшие педагоги специальных организаций образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) наличие сертификатов по повышению профессиональной компетенции, квалификации специалиста, использование информационно-коммуникационных технологий, участие в конкурсах, достижения (за последние 5 лет);

      2) пропаганда инновационных педагогических идей, работы по обмену опытом, авторские программы, публикации педагогов в средствах массовой информации (за последние 5 лет);

      3) совместные работы специалистов и родителей с детьми для достижения результата, работы по педагогике Монтессори для детей с особыми образовательными потребностями, достижения школьников на областных, республиканских спортивных соревнованиях, творческих фестивалях (за последние 5 лет);

      4) использование эффективных и инновационных методов обучения, распросстранение опыта работы обучения и воспитания на областном уровне (за последние 5 лет).

      11. Участвуют лучшие преподаватели специальных дисциплин организаций технического и профессионального образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) наличие авторских программ, проекты по пропаганде инновационных педагогических идей, рекомендательные письма, отзывы о реализованных проектах, материалы публикаций в средствах массовой информации (за последние 5 лет);

      2) методические вспомогательные пособия (за последние 5 лет);

      3) использование информационно-коммуникационных технологий (за последние 5 лет);

      4) профессиональные достижения педагога (за последние 5 лет).

      12. Участвуют лучшие мастера производственного обучения организаций технического и профессионального образования, при соответствии требованиям пункта 6, главы 3 приложения 1 настоящего Порядка.

      Критерии оценки профессиональной деятельности участников:

      1) стажировка на производственных объектах;

      2) достижения студентов на чемпионатах, конкурсах, научно-практических конференциях (за последние 5 лет);

      3) материалы опытов работ, распросстраненных на областном и республиканском уровнях (методические инструкции, видеоролики за последние 5 лет);

      4) использование информационно-коммуникационных технологий (за последние 5 лет).

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); внесено изменения на русском языке, текст на казахском языке не меняется, постановлением акимата Мангистауской области от 10.03.2022 № 35 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).