Маңғыстау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 95 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
қазақ тіліндегі 5-тармақтың бесінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Салпыншақтың (реверс) қарама-қарсы бетінде қалам мен ашық кітаптың бейнесі орналастырылады.";
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7. Қосымша көтермелеу шаралары бойынша құжаттарды қабылдау уақыты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында, Маңғыстау облысы әкімдігінің және Басқарманың ресми сайттарында құжат қабылдау басталатын уақыттан 30 (отыз) күн бұрын жарияланады.";
көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:
орыс тіліндегі 2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі 5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
қазақ тіліндегі 9-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"Оқушылар орталықтары, шығармашылық үйлері, аула клубтары, өнер мектептерінің үздік педагогтар осы Тәртіптің 1-қосымшасының 3-тарауы, 6-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда қатысады.";
12-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) облыстық және республикалық деңгейлерде таратылған жұмыстар тәжірибелерінің материалдары (соңғы 5 жылдағы әдістемелік нұсқаулықтар, бейнероликтер);";
орыс тіліндегі 12-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы | Б. Орынбасаров |