Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 15 қыркүйектегі № 283 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3160 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |