Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің "2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 97 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2021 жылғы 3 желтоқсандағы | |
№ 286 қаулысына | |
1-қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 30 сәуірдегі | |
№ 97 қаулысына | |
1-қосымша |
2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары | 10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы | ||
Ауыл | 19934 | 41053 | 71554 | 59606 |
Қала | 20352 | 37527 | 66779 | 55786 |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2021 жылғы 3 желтоқсандағы | |
№ 286 қаулысына | |
2-қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2021 жылғы 30 сәуірдегі | |
№ 97 қаулысына | |
2-қосымша |
2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы | Тәрбиеленушілер саны | Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін / 3 жастан бастап |
Ақтау қаласы | 15019 | 717 |
Жаңаөзен қаласы | 8200 | 521,5/656,5 |
Бейнеу ауданы | 2561 | 457,9/553,6 |
Қарақия ауданы | 2009 | 563,96/652,0 |
Маңғыстау ауданы | 2127 | 678 |
Мұнайлы ауданы | 8142 | 688 |
Түпқараған ауданы | 2228 | 561,7/680,3 |