2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 97 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 мамырда № 4510 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16137 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Д. Төлебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 30 сәуірдегі
  № 97 қаулысына 1 қосымша

2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. 1- қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.12.2021 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекен

Тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар

10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары

10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы

Ауыл

19934

41053

71554

59606

Қала

20352

37527

66779

55786

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 30 сәуірдегі
  № 97 қаулысына 2 қосымша

2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

      Ескерту. 2- қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 03.12.2021 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Елді мекеннің атауы

Тәрбиеленушілер саны

Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін / 3 жастан бастап

Ақтау қаласы

15019

717

Жаңаөзен қаласы

8200

521,5/656,5

Бейнеу ауданы

2561

457,9/553,6

Қарақия ауданы

2009

563,96/652,0

Маңғыстау ауданы

2127

678

Мұнайлы ауданы

8142

688

Түпқараған ауданы

2228

561,7/680,3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады