"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабы 1 тармағына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің келесідей қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1751 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3163 болып тіркелген);
2) "Ақтау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 1751 "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 24 шілдедегі № 1715 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3956 болып тіркелген).
2. Маңғыстау облысының білім басқармасының "Ақтау қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ә.Ж. Байпақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Н. Қилыбай |