Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы № 05-10/7186-И ұсынысы негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 311 "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3612 болып тіркелген);
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 289 "Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 311 "Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3889 болып тіркелген).
2. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ы.Құлатай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңаөзен қаласы әкімі | М. Ибагаров |