Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 311 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 мамырда № 3612 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 225 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 04.05.2021 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 16.05.2019 № 289 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

      1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

      2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

      3) көп балалы отбасылардың балаларына;

      4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға.

      2. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) мүгедек балаларға мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      5) (мемлекеттік) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиелену кезеңінде тегін тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2 тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиіс.

      Қаланың мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тегін тамақтандыруды ұйымдастыруды қаржыландыру шығындары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

      3. "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т. Жумалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Танаеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ә. Дауылбаев

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Т.Жумалиев

      "21" мамыр 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады