Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 наурыздағы № 37 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3563 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 18 сәуірде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларында:
3 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды берген тұлғаның, тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі-әкім), "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің және "Бейнеу аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі –экономика және қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Қабылдау-беру актісі экономика және қаржы бөлімінің басшысымен немесе оны алмастыратын лауазымды тұлғамен бекітіледі.
Қабылдау-беру актісінде міндетті түрде қараусыз қалған жануарлардың жасы, тұқымы, түсі, жынысы, жай-күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.".
2. "Бейнеу аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Т.Нұрмағанбетов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Теміровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |