Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "KazTransCom" акционерлік қоғамына, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,88 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (А.Жұмаханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тәжен ауылының әкімі | С. Кокаев |