Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Тәжен ауылы әкімінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 01-05/13 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 13 сәуірде № 4481 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Тәжен ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. "KazTransCom" акционерлік қоғамына, талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу және пайдалану үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Тәжен ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 0,88 гектар жер учаскесіне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы (А.Жұмаханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тәжен ауылының әкімі С. Кокаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады