Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4531 болып тіркелген) 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Қарақия ауданының Боcтан ауылдық округінің жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Боcтан ауылдық округінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.";
шешімнің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Қалаубай |
2021 жылғы 27 желтоқсандағы | |
№ 11/112 | |
Қарақия аудандық мәслихатының | |
2021 жылғы 4 мамырдағы | |
№ 4/30 шешіміне 2-қосымша |
Боcтан ауылдық округі бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аумақтардың № | Бағалау аумақтарының шекараларының сипаттамасы | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері |
І | Бірінші аймақ - селитебтік, бұл жерде жеке құрылыстар, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектеп, спорт мектебі, Мәдениет үйі, Байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана, мешіт, базар, шағын дүкендердің жеке желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған. | 1,5 |
ІІ | Өнеркәсiп, көлiк және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер. | 1,3 |
ІІІ | Босалқы аймақ. | 1,0 |