Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 "Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/112 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 желтоқсанда № 26443 болып тіркелді

      Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарақия аудандық мәслихатының "Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4531 болып тіркелген) 2021 жылғы 4 мамырдағы № 4/30 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданының Боcтан ауылдық округінің жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы), бағалау аумақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы";

      шешімнің 1, 2-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қарақия ауданы Боcтан ауылдық округі бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Боcтан ауылдық округінің бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері бекітілсін.";

      шешімнің 2-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы Ж. Қалаубай

  2021 жылғы 27 желтоқсандағы
  № 11/112
  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 4 мамырдағы
  № 4/30 шешіміне 2-қосымша

Боcтан ауылдық округі бойынша бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

Аумақтардың №

Бағалау аумақтарының шекараларының сипаттамасы

Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері

І

Бірінші аймақ - селитебтік, бұл жерде жеке құрылыстар, негізгі әкімшілік ғимараттар, жалпы білім беретін мектеп, спорт мектебі, Мәдениет үйі, Байланыс үйі, кітапхана, емхана, аурухана, мешіт, базар, шағын дүкендердің жеке желісі, кафелер, мейрамханалар шоғырланған.

1,5

ІІ

Өнеркәсiп, көлiк және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер.

1,3

ІІІ

Босалқы аймақ.

1,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады