Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 24 қарашадағы № 3200, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі тақырыпта және 1-тармағында "тұрғын үйді" сөз тіркесі "тұрғынжай" болып ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
әкімдіктің қаулысына қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К. Ахметов |
Әкімдіктің | |
2021 жылғы 16 сәуірдегі | |
№ 688 қаулысына | |
қосымша | |
Әкімдіктің | |
2016 жылғы 24 қарашадағы | |
№ 3200 қаулысына | |
қосымша |
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
1. Қостанай қаласы, В. Чкалов көшесі, 4 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 53 (елу үш) теңге мөлшерінде;
2. Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 3/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 74 (жетпіс төрт) теңге мөлшерінде;
3. Қостанай қаласы, Гашек көшесі, 6/2 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 59 (елу тоғыз) теңге мөлшерінде;
4. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
5. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 Б үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
6. Қостанай қаласы, Қобыланды батыр даңғылы, 36 Г, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
7. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 4 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
8. Қостанай қаласы, Текстильщиков көшесі, 10 А үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 61 (алпыс бір) теңге мөлшерінде;
9. Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 117/2 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
10. Қостанай қаласы, Красносельская көшесі, 128 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 66 (алпыс алты) теңге мөлшерінде;
11. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 351/3 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 66 (алпыс алты) теңге мөлшерінде;
12. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 371/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 62 (алпыс екі) теңге мөлшерінде;
13. Қостанай қаласы, Ғ. Қайырбеков көшесі, 369/1 үй, жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 59 (елу тоғыз) теңге мөлшерінде.