"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай қалалық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтары басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 205 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7425 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы | Б. Сандыбеков |