"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) Әкімдіктің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6354 болып тіркелген қаулысының;
2) Әкімдіктің "Әкімдіктің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 14 ақпандағы № 42, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8991 болып тіркелген қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Исмагулов |