Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 136 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 мамырда № 6354 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 79 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 31.03.2021 № 79 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Н. Қонқабаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2016 жылғы 27 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.


Қала әкімі

А. Исмағұлов


      Лисаков қалалық мәслихатының

      хатшысы

      ___________ Г. Жарылқасымова

  Әкімдіктің
2016 жылғы 6 cәуірдегі
№ 136 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 14.02.2020 № 42 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақталған мектептің басшысы;

      2) облыстық маңызы бар қала мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;

      3) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері;

      4) қосымша білім беретін педагог;

      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      6) тәлімгер;

      7) кітапханашы;

      8) тәрбиелеуші;

      9) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      10) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

      11) әлеуметтік педагог;

      12) мейірбике (мейіргер).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады