Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 15.03.2024 № 87 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 297, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5621 болып тіркелген шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;";
4-тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
"4. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы бүкіл тоқсанға көрсетіледі.";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған нормалар шегінде шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматтың) шығыстар үлесi жиынтық табыстың бес пайызы мөлшерiнде белгiленедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ІІ сессияның төрайымы | Г. Шутаева |
Қалалық мәслихатының хатшысы | С. Шалдыбаева |