Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Лисаков қаласы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" 2011 жылғы 16 ақпандағы № 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-4-179 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасында үшінші реттік нөмірі бар жолы алып тасталсын.
2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лисаков қаласының әкімі | А. Ибраев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Лисаков қалалық
сайлау комиссиясы