Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 – бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, № 75 үй мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын жайды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы мөлшері жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін айына 64,63 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. "Алтынсарин ауданы әкімдігінің тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және атомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Алтынсарин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алтынсарин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алтынсарин ауданы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Самидосов |