"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің "Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 24 мамырдағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8485 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу ауылдық округінің әкімі | Г. Коржынбаев |