"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Денисов аудандық мәслихатының "Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 қазандағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7327 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов аудандық мәслихатының хатшысы | А. Мурзабаев |